«Айбын» әскери-спорттық жарысы өтті

   Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінде әскери-спорттық патриоттық клубтар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 2-ші қалалық «Айбын» жарысы өтті.

   Жарыс «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы, Семей қаласындағы алғашқы әскери дайындық орталығы және Семей қаласы әкімшілігінің дене шынықтыру мен спорт және білім бөлімдері, сондай-ақ, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдар мен әскери қақтығыстар ардагерлері қоғамының, Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамының және әскери-спорттық патриоттық клубтар федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды. 

Салтанатты ашылуында  ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов пен «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Фарид Қайранов та ізгі тілегін жеткізді. Биылғы әскери-қолданбалы спорт сайысына «Қайсар», «Барыс», «Жас қанат», «Сұңқар», «Тұлпар», «Самұрық», «Жалын», «Бүркіт», «Патриот», «Айбын», «Жас қыран», «Ержүрек», «Жас бүркіт» әскери-спорттық патриоттық клубының 90-ға жуық мүшесі қатысты. Орта мектеп оқушыларының алғашқы әскери дайындық пәні бойынша дайындық деңгейін тексеру, болашақ Отан қорғаушылардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен жарыста үздіктерді анықтау да оңайға соқпады. 

Бас төрешілер алқасының шешімі бойынша жалпы есепте дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін Шәкәрім атындағы мектептің «Жас қыран» әскери-спорттық патриоттық клубы, жалпы білім беретін 42-ші орта мектептің «Тұлпар» әскери-спорттық патриоттық клубы және жалпы білім беретін 34-ші орта мектептің«Айбын» әскери-спорттық патриоттық клубы жүлделі орындарды ұтып алды. Жарыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Семейдегі 2 500-ге жуық  тәрбиеленушісі бар әскери-спорттық патриоттық клубтардың орталығы әскердің стратегиялық резервтегі бөлігі ретінде қарастырылып, онда еліміздің Қарулы Күштері үшін техникалық жағынан өте сауатты, денесі шыныққан, әрі білікті болашақ жауынгерлердің дайындалып жатқаны баса айтылды. Ұйымдастырушылар әскери-спорттық патриоттық клубтар федерациясының орталығында білім алып, қанаттары қатайған шәкірттерден болашақта еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын нағыз мамандар шығатынына қуанды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"