Астанада офицерлік үшсайыс бойынша чемпионат басталды

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының Спартакиадасы шеңберінде өтіп жатқан офицерлік үшсайыс бойынша чемпионат басталды. Офицерлік үшсайыс сайыстың үш түрін қамтиды. Олар: Макаров  тапаншасынан оқ ату, жүгіру және жүзу.

Сайысқа департаменттердің, бас басқармалар мен Ақмола өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің 12 командасынан 100-ден аса әскери қызметші қатысуда. Спорттық біліктілікке сәйкес чемпионатқа қатысушылар үш жас ерекшелік тобына бөлінді. Атап айтқанда, 30 жасқа дейін, 30-дан 40 жасқа дейін және 40 жастан жоғары. Әрбір жас ерекшелік тобына әскери-қолданбалы спорттың үш түрінде тиісті нормативтер белгіленген. Бірінші жас ерекшелік тобы МТ-дан 30 рет оқ атуда 25 м қашықтықтан нысана бойынша оқ атуда, 3 шақырымға жүгіру және 300 м жүзуде сайысқа түседі.  Екіншісі 30 рет оқ атуда 25 м қашықтықта оқ атуда, 2 шақырымға жүгіру және 200 м жүзуде, ал үшіншісі 30 рет оқ атуда 25 м қашықтықта, 1 шақырымға жүгіру және 100 м жүзуде бақ сынасады. ҚР Қарулы Күштерінде офицерлік үшсайыс 2000 жылдан бастап дамып келеді. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 30-дан аса офицері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшісі офицерлік үшсайыс бойынша спорт шебері разрядын орындады. Спорттың аталмыш түрі ТМД қатысушы мемлекеттері достастық армиясы Спартакиадасына енгізілгенін айта кеткен жөн. Онда ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері жүйелі түрде жүлделі орындарға ие болып жүр. Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР ҚК Бас  штабы бастығының  орынбасары генерал-майор М.Таласов әскерилендірілген кросс бойынша спорт шеберлеріне үміткер ағымдағы жылғы маусымның 11-і мен 13-і аралығында Щучье қаласында өткен әскерилендірілген кросс бойынша ҚР ҚК Чемпионатында разрядтарды орындаған әскери қызметші капитан А. Спановқа,  лейтенант В.Романов пен сержант Р.Сатжановқа спорттық разрядтар табыстады. Сондай-ақ, ҚР ҚМ ОА Спартакиадасының Чемпионаттарына белсене атсалысқаны үшін Спорт комитетінің төрағасы А.Қорғамбаев Орталық аппараттың әскери қызметшілері подполковник С. Прохоровқа, Б. Тұрсыновқа және А.Военковқа үздіктердің «Спортшы жауынгер» айырым белгілерін табыс етті. Офицерлік үшсайыс бойынша чемпионат командалық және жеке біріншілікте өткізіледі. Біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке сынақта ағымдағы жылдың шілде айында Алматы қаласында өтетін ҚР Қарулы Күштерінің Спартакиадасына қатысатын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"