Армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау және армиялық қоян-қолтық ұрысты дамыту мақсатында Семей қаласының «Тралан» дене шынықтыру сауықтыру кешенінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті.

Турнирге Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің, қаланың полиция басқармасын, «Номад», «Жастар» және «Спарта» спорт клубтарының намысын қорғаған 9 салмақ дәрежесінде 154 спортшы, сондай-ақ қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен Семей қаласының  «ITW таэквондо федерациясы» өкілдері қатысты.  Турнир қорытындысы бойынша 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды ефрейтор Нұрзат Қасымханов, 60 келіде 1-орынды майор Азамат Жұмағалиев, 65 келіде 1-орынды қатардағы жауынгер Дулат Қабыкен, 70 келіде 1-орынды ефрейтор Бақытжан Дүйсенбеков, 75 келіде 1-орынды ефрейтор Руслан Өтесінов, 80 келіде 1-орынды аға лейтенант Бекболат Қарлыбай және 85 келіде 1-орынды аға сержант Қалкен Өмірбаев және 85 келіден аса салмақта 1-орынды 2-сыныпты сержант Мәди Молдаханов жеңіп алды. Үздік шеберлігі үшін жүлделі орынды  срежант Арнат Нәметов, ал жекпе-жекті жылдам аяқтағаны үшін ефрейтор Бақытжан Дүйсенбеков марапатталды. Аталған әскери қызметшілер «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасына кірді және осы жылдың ақпанында Алматы қаласында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатында өнер көрсетеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"