Армиялық қоян-қолтық ұрыс: жабдықтар мен соққы беру техникасының жаңа ережелері

Алматыда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогы мен Қорғаныс министрінің кубогі үшін өтіп жатқан ашық турнир аяқталды.

Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің дене даярлығы бағдарламасына кіретін армиялық қоян-қолтық ұрысымен айналысу өрісі кеңейтілді.
Турнирге қалалар мен облыстардан, әскер түрлері мен тектерінен, өңірлік қолбасшылықтардан, жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі мен ІІМ-нен 120-дан астам спортшы қатысты.
Бұл жолы қоян-қолтық ұрысына енгізілген жаңа ережелер болды. Ұрыс тәртібінің жаңалықтары спортшылардың жабдықтары мен соққы жасау техникасына енді. Бұл туралы ҚР Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының бас хатшысы Әділ Қайырбаев мәлімдеді:
– Мысалы, жауынгер дулығасының бетін жабатын металл тор алынып тасталады, ал білек қолғаптары спортшылар қоян-қолтық ұрыста қолданатын қолғаптарға ауыстырылады. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша шаршы алаңда жеңіліп жатқан қарсыластың басын аяқпен ұруға тыйым салынады.
Бұл сайыстардан бөлек, әскерилер «Жекпе-жек», «Өзін-өзі қорғау» пәндерінде  найза мен кішкентай істік күректерін лақтырудан жарысты. Сондай-ақ турнир бағдарламасына пышақпен ұрыс жүргізуден көрнекі сабақтар кірді.
– Пышақпен ұрыс жүргізудің үш негізгі бағыты бар. Олар әскери-қолданбалы, спорттық және өзін-өзі қорғау. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзіндегі спорттың жаңа дамып келе жатқан түрі. Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен Спорт комитетінің базасында алғаш рет осы пәндер бойынша базалық курстардан өттік, – деп түсіндірді курсқа қатысушы капитан Мейрамбек Ілиясов.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының шаршы алаңында болған сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ол қатысушылардан жедел әрекет етуді, батылдық  пен табандылықты талап етті.
– Басқа жарыстардай емес, бұл турнир көрерменсіз өтті. Дегенмен бұл олардың жекпе-жектерді көре алмады дегенді білдірмейді.  Осы мақсатта арнайы онлайн трансляцияны қостық. Жарыс барлық нормалардың сақталуымен, жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын, – деді турнирдің ерекшеліктері жөнінде армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша бас төреші майор Еркебұлан Түсіпханов.
Жарыстың қорытындысына келсек, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша жалпы командалық есепте 14776 әскери бөлімінің командасы үздік деп танылды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командасы екінші орынды иеленді, ал үздік үштікті  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы тұйықтады.
Ерлер арасындағы қоян-қолтық ұрыста жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары көш бастады, екінші орында Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубы – спорт комитеті, үшінші орынды Атырау облысының командасы иеленді. Әйелдер арасында Спорт комитеті – ҚР ҚМ Орталық спорт клубының спортшылары бірінші орында, Алматыдан келген спортшылар – екінші орында.
Өзін-өзі қорғау сайысында Атырау командасы жеңімпаз атанып, ойынның екінші жүлдесі алматылықтарға бұйырды. Ал Қарағанды облысының командасы «қола» жүлденің иегері атанды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"