Армия спортшыларының байқауы: күштілік, жылдамдық, дәлдік

Алматыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ҚР Қарулы Күштерінің XVII Спартакиадасы аясында АОСК базасында офицерлік және әскери үшсайыстан чемпионаттар өтуде.

Оған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери түрлері мен тектерінен, өңірлік қолбасшылықтар мен жоғары әскери оқу орындарынан 14 команда бойынша 140-тан астам әскери қызметші қатысуда.
Жарыс бағдарламасына «офицерлік үш сайыс» (Макаров тапаншасынан ату, жүгіру және жүзу) және «әскери үш сайыс» (Калашников автоматынан ату, Ф-1 гранатасын лақтыру кедергілер жолағынан өту) кіреді. Әр сайыс белгілі бір шеберлік пен жақсы дене шынықтыруды қажет етеді. Жүзуде күш пен техника, жүгіруде – төзімділік пен жылдамдық, атуда-қолдың дәлдігі мен қаттылығы қажет.
2017 жылы     «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Оның негізінде нормативтік-спорттық біліктілікке сәйкес әскери қызметшілерге әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы, төрешілерге – «Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі», «жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі» беріледі, - деп түсіндірді ҚР ҚМ СК-АОСК төрағасының міндетін уақытша атқарушы, жарыстың бас төрешісі подполковник Еркебұлан Түсіпханов.
Офицерлік және әскери үшсайыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттер армиялары спартакиадасының бағдарламасына және Дүниежүзілік әскери спорттық ойындарға (CISM) енгізілді. Сайыста қазақстандық әскери қызметшілер тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"