Армия спортшылары самбодан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды. Армия спортшылары үш медаль еншіледі.

Азияның мықты самбошылары ерлер, әйелдер арасында және жауынгерлік самбо бойынша бақ сынады. Чемпионатқа әлемнің 16 елінен 400-ге жуық спортшысы қатысты.
Айта кетейік, 58 келіге дейінгі салмақта қызметші Ақжол Балтабаев – «күміс», 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Арнұр Қуатай қола медаль, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қызметші Әділет Мисин қола медаль иеленді.
– Біздің армияның спортшылары сайыста өз шеберліктерін және жауынгерлік рухты, лайықты жарыс түрін көрсетті. Алда бізді осы маусымның басқа да халықаралық жарыстарына барынша дайындық жаттығулары, сондай-ақ спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионатына дайындық күтіп тұр. Ол қарашада Ташкентте өтеді. Чемпионатта 21 медаль жиынтығы үшін бәсеке болмақ, – деді самбодан Армиялық орталық спорт клубы командасының жаттықтырушысы ефрейтор Асан Мәмбетқұлов.
Дәстүр бойынша ересек атлеттермен қатар, түрлі елдерден жастар мен жасөспірімдер құрамаларының өкілдері жарысты.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық құрамда екінші орынды иеленгенін айта кеткен жөн. Үш күнгі сайыста қазақстандық спортшылардың қоржыны 66 медальмен толықты.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"