Армия спортшылары Қазақстан құрама командасының сапында Универсиадаға қатысады

Армия спортшылары Қазақстан құрама командасының сапында Универсиадаға қатысады
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының тоғыз спортшысы Алматыда өтетін ХХVIII қысқы Универсиадада Қазақстан құрама командасының сапында сайысқа түседі. Әскери қызметшілер биатлоннан, шаңғы жарысынан және шайбалы хоккейден жүлделі орындар үшін бағын сынайды.

Қатысушылар арасында АОСК спорт ротасының келісімшарт қызметіндегі, сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бар. Бүгінгі күні барлық спортшылар алдағы Универсиадаға жоспарлы түрде даярлыққа кіріскен.

Сонымен, биатлон бойынша штаттық команданың спортшылары Германиядағы Әлем Кубогының сатыларында сайысады, содан кейін Италиядағы жарысқа қатысады. «Өз жерімізде сайысу - біз үшін үлкен абырой, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алдағы жарыстарда еліміздің көк туын көкке өрлетумен бірге, Қарулы Күштеріміздің туын асқақтату да үлкен құрмет!» - деп атап өтті АОСК биатлоншысы Василий Подкорытов.

ХХVIII қысқы Универсиада Алматы қаласында биылғы жылдың 28 қаңтарында басталатынын айта кеткен жөн. Аталған жарыс 50 жылдан бері әлемдік спорт аренасында халықаралық оқиғалардың маңыздылығы мен өкілеттілігі жағынан екінші орында. Бұл жолғы сайыс әлемнің 57 елінен 3 500-ден астам спортшының басын біріктіргелі тұр. Дүбірлі додада спорттың 12 түрі: атап айтқанда биатлон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру спорты, кёрлинг, шаңғы қос сайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей және шорт-трек.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа