Армия спортшылары дзюдодан үздік нәтижелер көрсетуде

Қызылордада еліміздің ерлері мен әйелдері арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтуде. Оған Қазақстанның 400-ден аса мықты спортшылары қатысуда.

66 келі салмақтағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы штаттық командасының спортшысы ефрейтор Мейіржан Қалтаев республика чемпионы атанды. Дәл осы салмақтағы армия спортшысы Гумар Қырғызбаев күміс медальді еншіледі. 60 келі салмақтағы ефрейтор Гусман Қырғызбаевқа қола жүлде бұйырды. «Дене даярлығы – армияның жауынгерлік қабілеттілігінің кепілі. Қазақстанның Қарулы Күштерінде салауатты өмір салтын дәріптеу және әскери қызметшілер арасындағы спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Тиісті оқу-материалдық базаның, жаттықтыру спорттық мүкәммалдың болуының арқасында біз республикалық және халықаралық сайыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында дене машығын дамытамыз», - деп жеңіске қол жеткізген ефрейтор Мейіржан Қалтаев алған әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы екі күнде республика чемпионатын өткізу аясында армиялық дзюдошылар қосымша екі салмақтық санатта ұсынылатын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"