Армия спортшылары Олимпиадаға 14 лицензия алды

Алматыда Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы бас жаттықтырушыларының кеңесі өтті. Онда келесі жылға арналған жоспарлар қорытындыланды.

Бүгінгі күні орталық спорт клубының штаттық командаларын даярлау орталығының 138 нұсқаушы спортшысы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл жыл спорттық іс-шараларға бай болды. Оларға қатысудың арқасында армия спортшылары 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 14 лицензия жеңіп алды. Қысқы спорт түрлері бойынша 2022 жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар жеңіп алу үшін әлем кубогына іріктеуден сәтті өтуде.
«Биыл армия спортшылары 18 республикалық және 11 халықаралық жарысқа қатысып, 45 алтын, 36 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды», – деп Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев атап өтті.
Кеңес отырысында жыл қорытындысы бойынша көзге түскен әскери қызметші спортшылар, жаттықтырушылар мен команда бастықтары мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"