Армия боксшылары Сербияда өтіп жатқан чемпионаттың ширек финалына шықты

Сербиядағы әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан он боксшы шықты. Турнирдің ширек финалындағы кезеңіне 40-тан астам команда өтті, ал қазақстандықтар командалық есепте бірінші орында. Шаршы алаңда жеңіске жеткен армия спортшылары ұлттық құрамаға ауқымды серпін берді.

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері ефрейтор Сәкен Бекбосынов 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Дипакқа қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Орталық спорт клубының спортшысы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі германиялық Магомед Шахидовты үшінші раундта нокаутпен ойсырата жеңді. Асланбек Дүниежүзілік әскери ойындардың екі дүркін жеңімпазы, Дүниежүзілік бокс сериясының екі дүркін чемпионы, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының вице-чемпионы.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметші армия боксшысы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шотландиялық Мэттью Макхейлмен жекпе-жек өткізді. Төрешілердің дербес шешімімен ол 4:1 есебімен жеңіске жетті. Орталық спорт клубының спортшысы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сербиялық Омер Аметовичті жеңді. Теміртас Жүсіповтің қоржынында 2019 жылғы Уханьдағы Дүниежүзілік әскери ойындардағы жеңісі және Мәскеуде 2021 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы атағы бар.
Естеріңізге сала кетейік, әуесқой боксшылар арасындағы 21-ші әлем чемпионаты Белградтағы (Сербия) «Штарк Аренасында» 2021 жылдың 25 қазаны мен 6 қарашасы аралығында өтеді. Чемпионатқа бес құрлықтың спортшылары қатысуда. Боксшылар алғаш рет 2021 жылы шілдеде Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) директорлар кеңесі бекіткен 13 салмақ дәрежесінде медальдерді жеңу жолында сайысады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"