АОСК-ның спортшылары спорттық бағдарлаудан Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Щучье көлінің маңайында спорттық бағдарлаудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сайысқа қатысушылар бірнеше күн бойы орташа және ұзақ қашықтықтарда, ерлер мен әйелдер арасындағы спринтте үздік спортшыларды айқындады.   Спорттық бағдарлау – бұл компас және картамен жүріп өтілген жерден жүгіру. Бағдарлаушы спортшылардың мықты төзімділігі болуы тиіс. Өйткені, ұзақ қашықтықтарға жүгіруге тура келеді. Спортшы жерде жақсы бағдарлап, картаны оқи білуі абзал. Мұның барлығы ойлау жылдамдығы мен беймәлім жағдайда және бейтаныс жерде шешім қабылдау шеберлігін дамытады.

 Армия орталық спорт клубының спортшылары сайыстың әр түрінде медальдарды жеңіп алды. Спринтте ерлер арасында армиялық спортшыларға тең келетіндер болған жоқ, Аталған сайыс түрінде ефрейтор Азат Назыров чемпиоан атанса, ефрейтор Дмитрий Адамович күміс, ал капитан Денис Власов қола жүлдегер атанды. Әйелдер арасында спринтте кіші сержант Эльмира Молдашева чемпион, Әсем Назырова күміс медаль иегері атанды. Орташа қашықтықта Дмитрий Адамович пен Әсем Назырова алтын медаль иегерлері атанды. Күміс жүлдегер Ольга Новикова, қола жүлде Федор Сухоносовқа бұйырды.

Ольга Новикованың «алтыны», Денисов Власов пен Әсем Назырованың «күмісі», сондай-ақ Эльмира Молдашева мен Дмитрий Адамовичтің «қоласы» ұзақ қашықтық спортшылардың қоржынын толтырды. Эстафетада да біздің спортшылар қарсыластарына дес бермеді. Чемпионаттың «алтын» жүлдесі Азат Назыров, Ольги Новикова және Әсем Назыровада, «күміс» Федор Сухоносов пен Эльмира Молдашевада, «қола» Денис Власов пен Риана Конныхта. Аталмыш спорт түрі патруль, торуылға шығатын, орындарда тапсырмаларды шешетін әскери қызметшілер үшін аса қажет. Спорттық бағдарлаумен шұғылдану офицерлердің, сержанттар мен сарбаздардың ең күрделі жағдайларда бейтаныс жерде жеңіл әрі дәл бағдарлау, жолдан тыс жерде, әсіресе, орманда және шалшықта ебедейлі және шапшаң қимылдау, табиғи және жасанды кедергілерді еңсеру   қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"