АОСК-ның спортшылары ММА чемпиондары атанды

Алматыда ММА аралас жекпе-жектен Қазақстанның алғашқы біріккен чемпионаты өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша АОСК-ның спортшылары Аян Тұрсын мен Сора Рахмонова абсолюттік жеңімпаз атанды

Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден аса мықты жауынгер қатысты. Сайыстың басты ерекшелігі Азия чемпионатына іріктеу болды. Аралас жекпе-жектен (ММА) ҚР алғашқы біріккен чемпионатының жеңімпаздары ұлттық құрамаға кіреді және Бангкокқа (Таиланд) континентальді біріншілікке барады. Аян Тұрсын Маңғыстау облысынан келген Ақерке Палуановамен шешуші жекпе-жеке шығып, 47,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. 61,2 келіге дейінгі еліміздің чемпионы атағын АОСК-ның спортшысы Сора Рахмонова иеленді. «ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек – шынайы жекпе-жек үшін шеберлік, жекпе-жек бағыттарының анағұрлым тиімді элементтерін қамтитын спорттың әмбебап түрі», - деді АОСК штаттық командаларын дайындау орталығының бас бапкері майор Мұхит Асылбеков. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"