АОСК-ның спортшылары «Жас ұлан» мектебінде болды

Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының танымал спортшыларымен кездесуі өтті.

Іс-шараға дзюдодан әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Жұмақанов, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев пен дзюдодан штаттық команда бапкері сержант Самат Апақов қатысты. Әңгімелесу барысында қатысушылар әскери қызметтің ерекшеліктерін талқылады. Тәрбиеленушілерге жаттығулардың жаңа әдістемелері туралы айтып берді. Мерекелік шара жылы атмосферада өтті. Онда барлығы оң эмоция, керемет көңіл-күй және жеңіске жету стимулын алды.
Соңында АОСК-ның спортшылары жас жасұландықтарға спортпен көбірек шұғылданып, өздерінің денсаулықтарын нығайтып, еліміз үшін мықты тірек болуларын тіледі. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру шеңберінде АОСК нұсқаушыларының жетекшілік етуімен сәуірдің 5-і мен 11-і аралығында Алматы қаласында «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар өтетінін айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Концерн «Калашников» презентовал новое умное ружье

Концерн «Калашников» презентовал новое умное ружье

Sako TRG M10

Sako TRG M10