АОСК-ның спортшылары армия генералы С. Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай өткізілген бокстан халықаралық турнирде жеңіс туын желбіретті

Астанада Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне арналған бокстан дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Әлбетте, сайыс Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің есімі берілген «Жас ұлан» республикалық мектебінің спорт кешенінде өткізілді.

Биылғы жылы турнирге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия және Малайзиядан келген 130-дан аса боксшы қатысты. Сағадат Нұрмағамбетов турнирін бұдан бұрын көптеген танымал былғары қолғап шеберлері жеңіп алған болатын. Олардың арасында қазақстандық бокс тарихындағы екі әйгілі боксшы, Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпаздары, әлем және Азия  чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, сондай-ақ ғаламшардың басты додаларының үш дүркін қатысушысы, әлем чемпионы Біржан Жақыпов бұл сайыста құрметті қонақ болды.

«Генерал Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнир елімізде өтетін өзге де белді турнирлермен қатар Қазақстан Республикасының бұқаралық спорттық іс-шараларының бірыңғай күнтізбесіне енгізілді. Келесі жылы бұл сайысты әскери қызметшілер арасында әлем чемпионаты шеңберінде өткізуге ниеттіміз», - деп Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ АОСК бастығы подполковник Расул Мейірманов атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының намысын алты боксшы қорғады. Олардың төртеуі әртүрлі дәрежедегі медальдардың иегерлері атанды.

Сонымен, АОСК спорттық ротасының сарбазы Әнуар Мұзапаров  шешуші кезеңде қарағандылық боксшы Қанат Тұрғынбаевты ойсырата жеңіп, турнирдің «алтын» жүлдесін еншіледі.

60 келі салмақ дәрежесінде АОСК-ның тағы бір боксшысы Дархан Жұмсақбаев турнир чемпионы атанды.

81 келі салмақ дәрежесінде шешуші кезеңде Жамбыл облысынан келген Мұрат Байғазиевтан жеңіліс тауып, қатардағы жауынгер Наурызбек Сағымбаев жүлдегер атанды.

56 келі салмақта бокстан АОСК штаттық командасының спортшысы Тастемір Бибосынов турнирдің қола жүлдегері атанды.

Турнирдің құрметті меймандары қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Нұрмағамбетов турнирі ол үшін мансап жолындағы ең маңызды сайыс болып табылатынын атап өтті.

«Аталмыш турнир жас спортшылар үшін жақсы трамплин болып табылады. Кезінде мен де АОСК үшін өнер көрсеткен болатынмын. Содан соң 2004 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алдым. Мұның барлығы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіруге септігін тигізді. 12 жыл бойы Қарулы Күштер қатарында қызмет еттім және әлі күнге дейін өзімді армияшымын деп есептеймін», - деді Серік Сәпиев. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"