АОСК-ның спортшылары халықаралық турнирде медальдарды еншіледі

Армиялық спортшылар еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері Марина Вольнованың жүлдесіне Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокстан халықаралық әйелдер турнирінде алтын және қола медальдарды қанжығаларына байлады.

Армиялық спортшылар еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері Марина Вольнованың жүлдесіне Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокстан халықаралық әйелдер турнирінде алтын және қола медальдарды қанжығаларына байлады. Турнирге барлығы Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан мен Украинадан 80-нен аса спортшы қатысты. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК-ның спортшысы Римма Волосенко бірінші орынды, 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен армиялық спортшы Жайна Шекербекова Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын қола жүлдемен толықтырды. «Армиялық спортшы қыздар үшін биылғы жылы бұл сайыс екінші рет өтіп отыр. Осы турнир алдағы күзде Ресейде өтетін әлем чемпионатына дайындыққа айналатын Бангкоктағы Азия чемпионатына дайындық болды. Сондай-ақ Римма Волосенко турнирдің үздік қатысушысы ретінде танылғанын айта кеткім келеді», - деді бокстан АОСК штаттық командасының бастығы аға лейтенант Біржан Жақыпов. 

Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=5634
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкая индивидуальная экипировка солдата будущего IdZ-ES

Немецкая индивидуальная экипировка солдата будущего IdZ-ES

Как подготовить организм к холодам?

Как подготовить организм к холодам?