Алтын сақа: Асығы алшысынан түскен жеңімпаздар анықталды

Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Алтын сақа» республикалық турнирі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі түрде екінші мәрте өткізіліп отырған сайысқа Қостанай, СҚО, Алматы, Түркістан және Ақмола облысынан кіл мергендер келді. Асық атудан бұрыннан-ақ сақа шеберлер нағыз қызу бәсекені паш етті. Тартысты бәсекеде асық атудан (ерлер) бірінші орын Мұхтар Ахметовке бұйырса, жүлделі екінші және үшінші орынды Еркебұлан Әбдіров пен Бекжан Қабжан алып кетті.

Ал нәзік жандылар бұл жолы да дәстүрге сай бас тас сайысында өзара мықтыны анықтасты. Аталмыш сайыста бірінші орынды қостанайлық Мәриям Әлиева иеленсе, екінші және үшінші орынды астаналық Айжан Серікова мен СҚО-дан келген Арайлым Тортбаева бөлісті.

Жүлдегерлердің бәрі де ақшалай сыйлыққа ие болды.

Айта кетсек, «Алтын сақа» республикалық турнирінің жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Турнир Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Асық ату Федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"