Алматы гарнизонында мини футболдан турнир өтті

Жақында Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен мини-футболдан гарнизонның құқық қорғау органдарының командалары арасында турнир өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы әскери тәртіпті нығайту болып табылады.

Спорттық шараға Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы, Алматы гарнизоны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің әскери полиция басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының «Оңтүстік» аймақтық басшылығы бойынша әскери полиция бөлімі қатысты. Оның сапалы ұйымдастырылуына 36739 әскери бөлімінің де жеке құрамы тікелей атсалысты.

Турнирдің жеңімпазы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің командасы танылды. Жүлделі екінші орынды Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының командасы иеленді. Ал, үшінші орынды Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының командасы жеңіп алды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен құрмет грамоталары табысталды.

                                                                   Әділет майоры Ермек ЕЛМҰХАМБЕТОВ 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"