Әскери таеквондошылар Бейрутта өткен халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Ливан астанасында «Beirut Open 2021» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігіндегі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары бір күміс және бір қола жүлдені қанжығаларына байлады.

Үш күндік жарыстың қорытындысына келсек, жеңіс тұғырына 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алған әскери спортшы Жансель Дениз және ОСК спорт ротасының мерзімді қызметтегі сарбазы қатардағы жауынгер Смайыл Дүйсебай көтерілді. Ол 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға  ие болды.
- Армиялықтар  сәтті сайысты. Жігіттер дайындықтың жоғары деңгейін, шеберлік пен кәсібилікті көрсетті. Қазақстан құрамасы көрсеткіш бойынша тоғыз медаль иеленді, – деді Армиялық орталық спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық командаларды даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.
Азия чемпионаты аяқталған соң WT таеквондодан жарыс өтті. Онда құрлық біріншілігінің нәтижелері бойынша Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз мықты сайысты. Олар тек осы дода шыққан Оңтүстік Корея спортшыларына ғана есе жіберіп,  өз салмақ дәрежелеріне сәйкес екінші орынға ие болды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"