Рио-де-Жанейрода дзюдодан халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) 38-ші әлем чемпионаты өтті. Онда Қазақстан Республикасы құрамасының намысын 8 дзюдошыдан құралған армиялық спортшылар қорғады.
Сайысқа 21 елден 171 дзюдошы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша АОСК-ның әскери қызметшілері Жақсыбек Жеңісбек пен Әмірбек Жеңісов қола медальдарды жеңіп алды.
«Халықаралық әскери спорт кеңесі 135 елдің басын біріктіретін және Бүкіәлемдік әскери ойындарды қоса есептегенде маңызды халықаралық спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылатын әлемдегі ірі пәнаралық спорттық ұйымның бірі болып табылады. Біздің спортшылар дзюдодан әлем чемпионатында өздерінің дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті», - деп атап өтті Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығының ЛУА Айталап Қорғамбаев.