Әскери спортшылар жарады

Екі апта бойы құрлық жанкүйерлерінің назарын аударған Джакартадағы жазғы Азия ойындары аяқталды. Құрлықтың кішігірім Олимаиадасы саналатын жарыста Қазақстан спортшылары жалпы есебі 76 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде қазақстандық әскери қызметшілердің де үлес салмағы бар. Жалпы Қазақстан құрамасы құрамында Армия орталық спорт клубының 26 спортшысы өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынын 10 медальмен толықтырды.

Қазақ спортшылары үшін биылғы жылдың басты додасы саналған Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен жазғы Азия ойындары да тарих қойнауына енді. Он алты күн бойы «сары құрлық» назарын өзіне аударған спорттық сында Қазақстан құрама командасы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола жүлде иеленді. Осылайша, жалпы саны 76 медальмен 9 орында тұрақтады. Бұл әрине, біз ойлаған межелеген көрсеткіш емес.

 Кейбір спорт түрінде өрендеріміз сенімді аяқтай алмаса, енді бірінде төрешілер белден басты. Төрт жыл бұрын Азия ойындарында алты алтын алған қазақ боксшыларына бұл жолы бірді-бір алтын бұйырмай, екі күміске қанағат етті. Әйелдер боксында да аруларымыз ешқандай жүлдеге ілінбеді.69 және 75 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынаған Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Мақтанышпен айта кетейік, екеуі де – Армия спорт клубының спортшылары.
Қазақстан құрамасы құрамында Армия орталық спорт клубының 26 спортшысы өнер көрсеткенін еске сала кетейік. Жоғарыда аты аталған спортшыларымыздан бөлек, майор Ольга Рыпакова мен 3-сыныпты сержант  Евгений Алексеев алтын медальдарды еншіледі. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Ерасыл Қажыбаев, Елдос Жұмақанов құраманың қоржынын күміс медальмен толықтырды. Ал кіші сержант Әділет Давлумбаев, Руслан Жапаров, Мейрамбек Айнағұлов, Елдос Жұмақанов қола медальдарды иеленді.

«Барлығы ойдағыдай, яғни, алтын медальмен аяқталғанына қуаныштымын.

Жеңіс, әсіресе, әскери спортшыларда басымдыққа ие. Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубына қолдау білдіріп, өзімнің жеңісімді барша Қазақстанға арнауыма мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Рио-2016-дағы олимпиадалық чемпион АОСК-ның жеңіл атлетшісі майор Ольга Рыпакова. 

Айта кетейік, қыркүйектің 2-і күні Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Еліміздің намысын спорттың 37 түрінен спорттың 25 олимпиадалық түрінде өнер көрсеткен 440 атлетші қорғады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"