Әскери спортшы жекпе-жек бойынша Қазақстан чемпионы атанды

Қоян-қолтық ұрыстан Армия орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшысы ефрейтор Аян Тұрсын Қостанай қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен өткен Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді қанжығасына байлады.

Әскери спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша финалдағы қарсыласы Шығыс Қазақстан обылысынан келген Варвара Полторанинаны жеңді.
– Қарсыластарым осал болмады, жеңіс оңай жолмен келген жоқ. Алаңда Қарулы Күштердің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе. Менің мақсатым әлемдік деңгейдегі сайыстар мен чемпионаттарда еліміздің көк туын көтеру, – деп атап өтті әскери спортшы ефрейтор Аян Тұрсын.
Үш күнге созылған байрақты бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық спортшылар өз шеберліктерін  көрсетті.
– Жекпе-жек – бұл ұлттық ережесіз күрес түрі. «Бірге бір» деп аударылады. Жекпе-жекте қазақ күресі, кикбоксинг, самбо, каратэ, таэквондо сияқты спорттың техникалық тәсілдері пайдаланылады, сондай-ақ аяқпен, қолмен соққы беруді, лақтыруларды қамтиды, – деп түсіндірді Армия орталық спорт клубының әскери-қолданбалы спорт түрлері бөлімінің бастығы майор Мұрат Бижанов.
Жарыс жеңімпаздары биыл Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтетін Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"