Әскери қызметшілердің балаларына арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің балалары үшін ақысыз спорттық секциялар  ашылды. 6 және 16 жастағы балалар кәсіби тұрғыда қазақша күрес, үстел тениисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың өзге де түрлерімен шұғылдана алады.

«Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен спорт комитеті аталған бағыт бойынша барлық гарнизондарда жоспарлы жұмыс жүргізуде. Еліміздің түкпір-түкпіріне Армия орталық спорт клубының танымал спортшыларының баруы жоспарлануда. Олар гарнизондарда балаларға арналған шебер-сыныптар өткізеді», - дейді Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК-ның төрағасы подполковник Расул Мейірманов.

Бүгінгі таңда ақысыз спорттық секциялар Гвардейск, Приозерск және Сарыөзек әскери гарнизондарында, Астана, Өскемен, Ақтау, Аягөз, Үшарал қалаларында жұмыс жасап тұр. Спорттың сегіз және бес түрі бойынша секцияларда әскери қызметшілердің балалары шұғылданады. Сабақтар кесте бойынша аптасына үш рет өткізіледі.

Балаларды спорт шеберлері, республикалық және халықаралық додалардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын Армия орталық спорт клубының нұсқаушылары жаттықтырады. Мәселен, Ақтауда «Джит Кун До» шығыс жауынгерлік жекпе-жегі бойынша сабақты 6-шы данның қара белдік иегері, ҚР спорт шебері кіші сержант Қанат Жүсіпбеков өткізеді. Астанада қоян-қолтық ұрыс пен қазақша күресті меңгеруді Қазақстан чемпионаттарының, сондай-ақ, әртүрлі турнирлер мен біріншіліктердің чемпиондары және жүлдегерлері АОСК-ның капитандары Олжас Ақбаев пен Мұрат Бижанов оқытып-үйретеді.

Қазақстан чемпионаттарының, Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы Әлия Жанпейісова үстел теннисі бойынша бапкер болып табылады. «Армия орталық спорт клубы балаларға арналған жаттықтыруларды ұйымдастырып жатқанын ести салысымен баламызды қазақша күрес бойынша секцияға жібереміз деп шештік. Ол кәсіпқой спортшылармен бірге сабақтарға қуана-қуана барып жүр», - дейді әскери қызметшілердің бірі – майор Азамат Айғожин.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"