Әскери қызметші шаңғы жарысынан әлем чемпионатына іріктеуден өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов FIS (Халықаралық шаңғы спорт федерациясы) жарыстарының күнтізбесіне кіретін шаңғы жарысынан Қазақстан Кубогында күміс медальды жеңіп алды.

Жарыс Щучинск қаласының Ұлттық шаңғы спорты орталығында болып өтті. Жүлделі орын үшін Қазақстанның 11 өңірінен келген спортшылар, сондай-ақ шетелден, оның ішінде Беларуссия мен Ресейден келген шаңғышылар бақ сынасты.
Турнир барысында 15 километрге еркін стильдегі жеке жарыста армиялық спортшы қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов екінші орын алып, 2021 жылы Финляндияда жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға іріктеуден өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"