Әскери қызметші кір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі майор Әділхан Нұрғазин 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде кір тасын көтеру спортынан Азия чемионы атағына ие болды.

Аталған чемпионат Ташкентте өтті. Байрақты бәсекеге Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина, Оңтүстік Корея және Жапониядан келген 400-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс жаттығуына 24 келіден екі кір тасын сермей және жұлқи көтеру кіреді. Әділхан Нұрғазин кір тасын 141 рет сермей және 205 рет жұлқи көтеруді орындады. Финалда үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшы жарыс қожайындарын жеңді.
Әскери қызметшінің айтуы бойынша, училищеде оқып жүргенде спортқа деген қызығушылығы оянған. Ол жерде күреспен айналысып, сымбатын жақсарту үшін кір тасын көтерумен шұғылдана бастаған. Офицердің қоржынында кір тасын көтеру спорты мен армрестлингтен көптеген жүлделер бар. Сонымен қатар, әскери қызметші кір тасын көтеруден бірнеше рет Қарулы Күштердің чемпионы атанып, төрт рет ТМД чемпионатында ел намысын қорғады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"