Әскери көпсайыс - жаңа спорт түрі

Әскери көпсайыс (пентатлон) – жаңа спорт түрі. Еліміздің Қарулы Күштерінде 2009 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы ҚР ҚМ СК-АОСК филиалының базасында дамыған. Аталған базада республикалық және халықарлық жарыстарға қатысу үшін әскери бессайыс және басқа да әскери көпсайыс түрлеріне сапалы дайындалуға барлық жағдай жасалған.

Алғашқы жылдан-ақ спортшыларымыз көзге түсе бастады. Мәселен, 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы (негізінде АОСК Қарағанды филиалы және «Астана» өңірлік басқармасы споршыларынан құрылған) бірінші рет Германияда өткен пентатлон бойынша 56-әлем чемпионатына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Ал, бұдан кейінгі жылдары Санкт-Петербург және Минск қалаларында ТМД елдері арасында өткен достастық армиялар олимпиадасына қатысқан кезде де сол оң нәтижеден еш айрылмады. Мысалы, 2010 жылы 2-орынды, ал 2014 жылы 3-орынды еншіледі. Айта кетсек, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әскери бессайыс (пентатлон) бойынша 61-әлем чемпионатында жекелей есептің жүлдегері ҚР ҚК лейтенанты Максим Губарев винтовкадан ату бойынша 190 ұпай жинап, 3-орынды иеленді.

 Әскери көпсайыстан нұсқаушылар командасының мүшелері тәртіпті, дене дайындықтары жақсы. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшін салады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін халықаралық жарыстарда лайықты деңгейде танытып жүр. Бүгінгі таңда әскери көпсайыстан нұсқаушылар командасы Қарағанды қаласындағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайының жүзу бассейні мен ату тирінде және СДЮШОР жеңіл атлетикалық манежінде жаттығады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"