Әскери кафедра студенттері жарыс жолында

Жақында Астана қаласы Орталық паркінің шаңғыроллерлік жолында Астана қаласының жоғары оқу орындарының әскери кафедралары арасында шаңғы эстафетасынан жекелей-командалық жарыс болып өтті.  

Аталған жарысқа қаладағы барлық ЖОО әскери кафедрасында оқитын оқу взводтарының студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларынан құрылған жеке команданың да шаңғы трассасына шыққанын айта кету артық болмас.

Ереже бойынша команда құрамында 1 қыз және  3 ер бала болуы және жарысқа қатысушылар бекітілген үлгідегі әскери шаңғы, оқжатар салынған сөмке мен газ тұмылдырығын  және автомат қаруы макетін асынуы шарт. Төрешілер шешімімен эстафетаның жалпы қашықтығы 7 шақырым болып бекітіліп, қызымыз 1 шақырым, ал жігіттер жағы 2 километрден жүгіретін болып келісілді. Сонымен, өзара мықтыны анықтау үшін жарыс басталып та кетті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ әскери кафедрасының құрама командасы (студенттер Д.Әлбеков, Д.Әлмұқанов, Р.Төлеухан, Ш.Қажымұқан) иемденді. Үздік үштіктер қатарынан М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің құрама командасы көрінді. 

Жарыстың бас төрешісі Д.Хамзин мен ұйымдастырушылар ҚАТУ әскери кафедрасының студенті Дәлен Әлбековтің қол жеткізген нәтижесін атап өтті. Өйткені ол осыдан бір жұма бұрын өткізілген қалалық «Бұрқасын» шаңғы фестивалінде екінші орын алса, араға екі күн сала қала жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Универсиадада жеңімпаз атанған болатын. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс соңында ұйымдастырушыылар тағайындаған кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал, біздер сарышұнақ аязда шаңғы тебудің адам рухын көтеретін және жігер беретін және денсаулықты нығайтатын ерекше спорт түрі екеніне көз жеткізіп, керемет әсермен тарқастық.

Запастағы полковник Бақберген КЕРЕЙ

С.Сейфуллин атындағы әскери кафедра оқытушысы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"