Мәскеудің Лужники спорт кешенінде Анатолий Харлампиевтің жүлдесіне самбодан Әлем кубогы өтті. Оның қорытындысы бойынша АОСК-ның спортшысы Бағлан Ибрагим 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.
Әлемнің 40 елінен 250-ден аса мықты атлетші спорттық және жауынгерлік самбодан 15 салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды иелену үшін тартысқа түсті. Бағлан Ибрагим Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы болып табылады.
«Армияшы керемет күрес пен дене дайындығын паш етті. Өткен турнир әлем чемпионатынан кейін белді сайыстардың бірі болып табылатынын айта кеткім келеді. Енді ағымдағы жылғы сәуірдің 4-і мен 8-і аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық жаттығулары күтуде», - деді самбодан АОСК штаттық командасының бастығы Асан Мәмбетқұлов.