Астана қаласында Наурыз мейрамы қарсаңында 14776 әскери бөлімі командирінің кубогына волейболдан жарыс өтті.
Оған ҚР ҚМ 14776 әскери бөлімі, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК командалары қатысты. 1-орынды ҚР ҚМ 14776 әскери бөлімі алды. 2-орынды ҚР ҰҚК командасы иеленсе, ҚР ІІМ ТЖД 3-орынды қанағат тұтты.
Үздік қорғаушы атағын 4776 әскери бөлімінің қызметшісі, ефрейтор Мухаметов Данияр алды.