ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет әскери-қолданбалы жүзуден чемпионат өтті

Қазақстанның Қарулы Күштерінде алғаш рет әскери-қолданбалы жүзуден чемпионат өтті.

Қорғаныс министрлігі, Бас штабының Орталық аппараты және Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында өткен сайысқа 200-ден аса әскери қызметші қатысты.

Бірнеше сағат ішінде олар сайыстың төрт кезеңінен өтті. Алдымен бағдарлама бойынша әскерилендірілген эстафета болды. Әйел әскери қызметшілер толық жарақтандыруда, ерлер иықтарында автомат, қолдарында қарудың қапшығы бар ұстап тұрғыш құрылғыда малтыды. Келесі кезең барысында  әскери қызметшілер арнайы салдың көмегімен киім-кешектерді судың арғы бетіне тасыды, автоматпен барынша тереңдікке сүңгіді, жаралы жауынгерді құтқару және өткелден өткізуді орындады. Нәтижесінде әрбір кезеңде үздік үштік, ал, соңында жалпы командалық есепте жеңімпаздар анықталды.

Сонымен, бірінші орын иегерлері: Ақмола өңірлік гарнизонынан – Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері, бас басқармалар мен орталықтар арасында  – Ақпараттандыру және телекоммуникациялар бас басқармасы, департаменттер арасында – Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті.

«Сайыстың аталмыш түрі әскери іс-қимылдарға жақындатылған болып саналады. Ол су бөгеті сияқты кедергілерді еңсеруде жауынгерлерді жаттықтырады, әсіресе, әскери қызметшілер үшін өте маңызды», - деп ҚР ҚМ АОСК-ның жүзуден бапкері аға сержант Дмитрий Гордиенко атап өтті. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

БПЛА: казахстанская  армия  развивает оружие будущего

БПЛА: казахстанская армия развивает оружие будущего

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года