«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 27 жыл» толуына байланысты жастар арасында әскери-патриоттық жарыс өтті

Жуырда Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімінің спорт кешенінде «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 27 жыл» толуына байланысты оқушылар арасында әскери-патриоттық жарыс болып өтті.

Жарыстың алдында бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары  подполковник Ф.Қайранов оқушыларға әскери бөлімнің құрылу тарихы мен жауынгерлік жолын әңгімелеп берді. Сондай-ақ, жасөспірімдер ашық аспан астындағы қару-жарақ музей техникаларын тамашап, әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты.

Арнайы шарада Аягөз гарнизонының бастығы  подполковник Б. Ғабдуллин, аудан әкімінің орынбасары  С.Ысқақов, аудандық білім бөлімінің бастығы Т.Әзімбаев, ауған соғыс ардагерлерінің ұйым жетекшісі Ж.Құсайнов сөз сөйлеп, барша жиналған қауымды айтулы мейраммен құттықтап, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Әскери спорттық сайысқа №1, Дулат Бабатай атындағы №2, 4, 5, 6, 7, лицей, гимназия, көп салалы Аягөз колледжі, Бозтаев атындағы мектеп оқушылары қатысты. Сайыс әскери қолданбалы спорт түрлерінен бірнеше кезеңнен тұрды. Айта кетер жайт, сайыс мерзімді қызметтегі сарбаздардың тәлімгерлігімен өтті. Жарыста оқушылар автоматты шашып жинау, дартс ату, белтемірге тартылу, кеуде көтеру сияқты кезеңдерден өтті.

Командалардың құрамындағы  әр жасөспірім тапсырманы тез әрі сапалы түрде орындап, көбірек ұпай жинауға бар күштерін салды. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №4 мектептің оқушылары жеңіп алды. Ал, екінші орын №6 мектеп оқушыларына бұйырса, үшінші орынды Аягөз колледжінің жасөспірімдері місе тұтты. Жеңімпаздар грамота, кубок бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

                                                                                            Майя ТӨЛЕГЕНОВА,

10810 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"