Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай нысана көздеуден жарыс өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 36352 әскери бөлімінің базасында және осы өңірлікке қарасты әскери бөлімдер  арасында нысана көздеуден жарыс өтті. Бұл шара осы қолбасшылықта екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Нысана көздеуден өткен жарысқа төрт команда: 31775, 36352, 44803 және 55524 әскери бөлімдері қатысты. Нәтижесінде, командалық есепте әйелдер арасында ПМ-1 атудан бірінші орынды аға сержант Толқын Бакижанова, екінші орынды кіші сержант Людмила Губарева,  үшінші орынды аға сержант Айжан Төлеубаева иеленсе, ерлер арасында АК-74 автоматынан және ПМ-1 атудан атуда бірінші орынды аға лейтенант  Тимур Маулиев пен капитан   Арман Ақыбаев, екінші орынды  сержант Нұрбол Шопенов пен подполковник Алтай Ташкеев, үшінші орынды аға сержант Сағыныш Омаров пен аға лейтенант Владимир Лихт алды.

 Ал, жеке есепте ПМ -1 атудан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы үздік атанды. Екінші орынды 31775 әскери бөлімі иеленсе, үшінші орын  55524 әскери бөліміне бұйырды. Жарыс аяқталған соң 36352 әскери бөлімінің азық-түлік қызметі мерекеге арнап «далалық дастархан» жайды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"