Десантшылар қолғап түйістірді

Жуырда Алматы қаласындағы Райымбек батыр атындағы Қазақстан бітімгершілік бригадасының базасында айбынды десантшылардың жыл сайынғы дәстүрлі үрдісіне айналған бокстан Аэроұтқыр әскерлерінің жетінші чемпионаты болып өтті.

Салауатты өмір салтын жас жауынгерлерімізге кеңінен насихаттауға бағытталған игілікті шаралар десантшылар арасында жиі өткізіліп тұрады. Жыл сайынғы дағдыға айналған аталмыш чемпионат осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Құрамалар мен бөлімдердегі іріктеу турларында жеңіске жеткен боксшы – десантшылар ақтық сында Аэроұтқыр әскерлерінің чемпионы атану үшін әртүрлі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Бокс пен қоян-қолтық ұрыс түрі десантшылар үшін таңсық емес, оның үстіне ең бірінші кезекте тұрған спорт түрлері. Өйткені, әр десантшы қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс және ол тәсілдерді керек уақытында, мейлі ол жау тылында болсын немесе бетпе-бет ұрыста болсын шебер қолдана білуге міндетті.  

Жарысқа Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Сарыөзек гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден іріктелген әскери қызметшілер (боксшылар) қатысты.

Жеңісқұмар десантшылар арасында болған бокс жекпе-жегі тартысты өтті. Ақтық сайысқа мықты дайындықпен келген десантшы – боксшылар аянып қалған жоқ. Офицерлер, келісімшарт қызметшілері және мерзімді қызметтегі сарбаздар бокс рингінде тең дәрежеде өз өнерлерін паш ете білді.  Чемпионатқа бокс саласында еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрежедегі төрешілері және бірінші дәрежелі төрешілері төрелік етті. Командалық есепте бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан түспеген Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің боксшылары осы жолы үшінші орынға табан тірей алды. Айбынды десантшылардың алтын бесігі саналатын Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінің боксшылары командалық есепте екінші орынды иеленсе, подполковник Шейх-Хасан Жазықбаевтың басқаруындағы Алматы қаласындағы Райымбек батыр атындағы Қазақстан бітімгершілік десантты-шабуылдаушы бригадасының десантшы-боксшылары бірінші орынды жеңіп алып, қатарынан екінші мәрте жеңіс тұғырына шықты. Аэроұтқыр әскерлерінің бокстан жетінші чемпионатында 61993 әскери бөлімінің боксшылары тағы да өз әріптестері мен жанкүйерлеріне жеңіс мерекесін сыйлады.

Сонымен, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің бокстан жетінші чемпионаты кезекті рет жоғары дәрежеде өткізіліп, өз мәресіне жетті. Айбынды десантшылар болса, «Десантшыға бос жатқан жараспайды, бұл бұлжымас қағида!» деген ұранмен бокстан ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің чемпионатына дайындалуға кірісіп те кетті.

Аға лейтенант Атақан НҰРИДДИНОВ,

61993 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"