Аэроұтқыр әскерлерінде әскери қызметшілердің ауқымды спартакиадасы басталды

Алматы облысының 12740 әскери бөлімінің базасында спорттың әскери-қолданбалы, ойын және ұлттық түрлері бойынша Аэроұтқыр әскерлерінің 13-ші спартакиадасының қысқы кезеңі басталды.  

Сайысқа қатысуға Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінен әскери қызметшілердің командасынан құралған 200-ге жуық адам тартылды. Жарыс 4 чемпонатты қамтиды. Президенттік көпсайыс – пневматикалық винтовкадан оқ ату, одан кейін ерлер үшін белтемірге тартылу және әйелдер үшін ішті қатайтуға арналған жаттығу,  3,5 және 10 шақырымға шаңғы жарысы. Екінші чемпионат – партульдердің командалық жарысы. Бұл додада әр командадан 4 адамнан қатысады. Қатысушылар атыс шептерінде нысаналар бойынша жол бойында оқ атып, 10 шақырымдық қашықтықты еңсереді. Әрі қарай спартакиада бағдарламасында бес салмақтық санаттағы гір екі сайысы және 60. 65, 70, 75, 80, 90 келіге дейінгі салмақта армспорттан сайыс. Спартакиада 15 қаңтарға дейін созылады.  

Бірінші күні қатысушылар салмақты айқындау үшін таразыға өлшенді, спартакиаданың өткізілу бағдарламасымен  танысты. ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, жүлделі орын алған әскери қызметшілер грамоталар және бағалық сыйлықтармен марапатталып, ҚР Қарулы Күштерінің сайыстарына қатысу үшін Аэроұтқыр әскерлерінің құрама командасының құрамына кіру мүмкіндігіне ие болады.  Аэроұтқыр әскерлерінің спартакиадасы – бұл жыл сайын ең белсенді, мықты әскери қызметші десантшылардың басын біріктіретін ауқымды дода. Жыл сайын бұл сайысқа қатысушылардың шеберлігі өсуде, оқу-спорттық және әдістемелік база жетілдірілуде. Нәтижесінде мұның барлығы әскери қызметшілердің жалпы дене және жауынгерлік даярлығына, демек, жалпы алғанда, Аэроұтқыр әскерлерінің әзірлігіне оңтайлы ықпал етеді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"