Жеңімпаз спортшылар марапатталды

Астана қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің жеңімпаз спортшылары Бауыржан Момышұлы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.

Естеріңізде болса, өткен аптада Астана қаласы Орталық саябағының шаңғы роллерлік тас жолында әскери қызметшілер арасында армиялық шаңғыда шаңғымен жүгіру сайысы өтті. Нәтижесінде, алғашқы жүгіруде бірінші орынды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тобы иеленіп, жеңімпаз атанған еді.

 Осы аталмыш жарыста көп ішінен топ жарып, ҚР Қорғаныс министрлігінің бағалы сыйлықтарына ие болған Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметкерлері – аға лейтенант Тимур Сыпатаев, лейтенант Жарқын Тұрсынбеков, сержант Байтемір Сыздықов, ефрейтор Камила Нұртазина болатын.

Алдымен министрлік тарапынан марапатқа ие болған ұжымның қуанышы осы аптада тағы да еселенді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері  Бақытбек Смағұл және Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне арнайы барып, жеңімпаздармен жүздесті. Кездесу барысында спорттың жарығын жаққан әскерилерге Бауыржан Момышұлы «Батыр шапағаты» медалі тарту етілді.
«Бұл кездесу көңілімізді көтерді. Бізді тағы да серпілтті. Бұл – біздің биылғы жылғы алғашқы жеңісіміз. Министрлік тарапынан, аға буын өкілдерінен берілген бағаға біз тоқмейілсінбейміз. Талай додаларға қатысып, топ жарып жүрген біздер келешекте де жүлделі орындардан көрінеміз деп нық сеніммен айта аламыз», - дейді жеңімпаздардың бірі аға лейтенант Тимур Сыпатаев. Аға лейтенат Тимур Сыпатаев ҚР Қарулы Күштерінде 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы. Бала кезден спортты жанына серік еткен оның мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастырып, биік белестерді бағындыру.

Келешекте оның алға қойған мақсатына қол  жеткізіп, талай додалардан топ жаратынына біз де сенім білдіреміз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"