Қазақстандық әскері алпинистері Эвересті бағындырмақ

Қырғызстандағы Ала-Арша аңғарындағы техникалық сыныпта альпинизмнен әлем чемпионаты басталды. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинадан келген 7 команда қатыспақ.

 Төрт елдің альпинистшілері «Биіктік» жобасы шеңберінде альпинизмнен биіктік құрама командасына кіру мүмкіндігіне бақ сынасуда. Жоспар бойынша, жаз мезгілінде аталмыш команда бұрынғы КСРО-ның жеті мың метрде орналасқан шыңына көтеріліп, теңіз деңгейіндегі 8 848 және 8 611 метр биіктікте орналасқан әлемнің ең биік нүктелері Эверест және К2-нің шыңына шығу көзделуде. 

Бақ сынаушылар қатарындағы еліміздің атынан шығатын спортшылар –  әрине, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының алпинистері. Атап өтсек, бапкерлік штаб командасында альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері лейтенант Василий Пивцов. Команданың негізгі құрамына альпинизмнен 1-дәрежелі спортшы ҚР ҚК-нің қызметкері Тұрсынәли Әубәкіров, қосалқы құрамда кіші сержант Вячеслав Орлов бар. Чемпионат халықаралық альпинизм фестивалі аясында өтеді және 14 ақпанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, альпинистерге  «Еркін Корея», «Тәж», «Бокс», «Симагин шыңы», «Семенов-Тян-Шанскийдің шыңы», «Байлан Башы» және «Бәйшешекей» шыңына шығуға тура келеді. Бұл шыңдардың күрделілігі 5А-дан бастап 6А-ға дейінгі санатты құрайды. Яғни, орташа күрделілік дәрежесі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"