Қысқы жарыс жайында қысқаша деректер

Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды. 2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.

2 000 спортшы қатысады

2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және ел өңірлерінен келген еріктілер жұмылдырылады. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.

Болжамды телеаудиторияның саны 1 миллиардты құрайды деп жоспарлануда. Хабар тарату әлемнің 80 елінде жүргізілетін болады.

Спорттың 12 түрі өтеді

Жарыстар 8 спорттық нысанда: «Шымбұлақ» таушаңғы курортында, «Медеу» мұз айдынында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешенінде, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, «Алатау» шаңғы және биатлон кешенінде, «Табаған» спорттық ойын-сауық кешенінде, Алматы арена мен Халық аренада болады.

2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі: биатлон, таушаңғы спорты, кёрлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек бойынша өтеді.

 Ойын рәміздері

Универсиада-2017-нің «Қанатыңды кең серпі!» деген ұраны жас спортшыларды ересектер спортының шыңдарына шығуға жігерлендіреді.

Универсиаданың кез келген логотипінде FISU-дың қамқорлығымен өтетін кез келген спорттық шараның фирмалық символикасының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесі болу керек.

Қысқы Универсиада-2017 логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленген және анық көрсетілген серпінді пішіні бар: солдан оңға қарай жоғары. Ол дамудың, сондай-ақ шыңдарға жетудің белгісі.

Универсиада алауы:

Қысқы Универсиада-2017-нің бойтұмары болып жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ежелгі ерікті және қайратты мекендеушісі жас Сұңқар таңдалды.

Марапат медальдары

Универсиаданың марапат медальдары классикалық стильде алтын, күміс және қолаға ұқсайтын металл қорытпасынан жасалған. Ол қазақстан Теңге сарайында шеку тәсілімен, түрлі-түсті эмаль қолданып дайындалған. Муар лентасына Универсиаданың логотипі қондырылған. Медальдің бет жағында FISU-дің (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) логотипі Ойындардың атауы және өтетін орны бейнеленген. Сырт жағында – Универсиаданың логотипі.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"