Видеопоздравление Министра обороны с Днем защитника Отечества

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев:
«Біздің ортақ міндетіміз – ел тыныштығын сақтап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау»
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілер мен ардагерлерге Отан қорғаушы күніне арнап бейнеқұттықтау жолдады.

Министр обороны Нурлан Ермекбаев:
«Наша общая задача – каждый день содействовать сохранению мира»  
Глава оборонного ведомства генерал-лейтенант Нурлан Ермекбаев направил военнослужащим и ветеранам видеопоздравление с Днем защитника Отечества.

Биыл Қазақстанның Қарулы Күштеріне 29 жыл толмақ. Осы уақыт ішінде ел әскері мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі, сенім артар тірегі болды.
– Сіздің әскери борышқа берік, антқа адал болу қасиетіңіздің арқасында ел іргесі бүтін, аспаны ашық, халқымыз бейбіт өмір сүруде, - деді министр әріптестері мен қызметтестеріне.
Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің қорғаныс қабілеті мен армияның жауынгерлік қуатын нығайтуға бағытталған тапсырмаларының Тұңғыш Президент салған сара жолмен сабақтастығын атап өтті.
– Қазақстан жауынгерлері адамзат тарихындағы ең алапат соғыста 76 жыл бұрын бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғастыруда, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Нұрлан Ермекбаев Ұлы Отан соғысындағы ата-бабамыздың ерлікке толы дара жолы өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол үлгі-өнеге екенін айтып өтті.
- Біздің ортақ міндетіміз – сұрапыл соғыстың болуына жол бермей, еліміздің тыныштығын сақтап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау, - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Сөз соңында қорғаныс ведомствосының басшысы қан майдандағы шайқаста Жеңіс туын желбіреткен, тылдағы қажырлы еңбегімен Жеңісті жақындатқан қадірлі ардаргерлерді, бейбіт өмірде ел тыныштығын қорғауда тұрған жауынгерлерді құттықтады.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев баршаға зор денсаулық, әр отбасына амандық, қасиетті Отанымыз – Қазақстанның айбынын асқақтатып, оны қорғау жолындағы абыройлы істе толағай табыс тіледі.


В этом году Вооруженным Силам Казахстана исполняется 29 лет. За это время армия стала гарантом суверенитета и территориальной целостности государства, его надежной опорой.
– Благодаря вашей самоотдаче и преданности воинскому долгу, наша страна находится под постоянной защитой на земле, в небе и на море, – сказал министр обороны, обращаясь к сослуживцам и соратникам.
Генерал-лейтенант Нурлан Ермекбаев отметил преемственность курса Первого Президента, направленного на укрепление обороноспособности страны и боевой мощи армии, который сегодня продолжает Верховный Главнокомандующий Вооруженными Силами Касым-Жомарт Кемелевич Токаев.
– Воины Казахстана с честью продолжают традиции наших отцов и дедов, 76 лет назад отстоявших свободу и независимость в самой кровопролитной войне в истории человечества, – добавил глава оборонного ведомства.
Нурлан Ермекбаев заявил о необходимости сохранения летописи Великой Отечественной войны для потомков и связи времен. Он подчеркнул важность примера героев-казахстанцев для молодежи.
– Наша общая задача – каждый день содействовать сохранению мира для народа, чтобы трагические события тех лет никогда не повторились, – сказал министр обороны Нурлан Ермекбаев.
В заключение глава оборонного ведомства поздравил всех, кто ковал Победу на фронтах и в тылу, кто посвятил жизнь защите Отечества.
Министр обороны Нурлан Ермекбаев пожелал всем крепкого здоровья, семейного благополучия, мирного неба над головой и дальнейших успехов на благо Родины.

Возврат к списку

Раздел не найден.

Новостная лента

Раздел не найден.

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

Раздел не найден.

Раздел не найден.