Оралман көркем фильмі

реж: Сәбит Құрманбеков, 2017 ж.
Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған  қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады.  Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.
Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Сценарий авторлары: Нұрлан Санжар,  Сәбит Құрманбековтың қатысуымен
Қоюшы операторы: Марс Умаров
Художник: Рустам Одинаев
Композитор: Айдос Сағатов
Актерлер: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян  Қажнабиева.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента