Аппарат кеңесі / Аппаратное совещание 05.10.2021 г.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес өткізді, онда әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Министр обороны генерал-лейтенант Мурат Бектанов провел аппаратное совещание, где обсуждены актуальные вопросы жизнедеятельности армии.

 Оқ-дәрі қоймаларын тексеру барысы туралы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы бастығының баяндамасы қаралды. Инспекциялаудың аралық нәтижесі бойынша қазіргі уақытта шешілмеген негізгі мәселе түгендеу нәтижесінде әскери мүлік ретінде пайдаланылмайды деп танылған оқ-дәрілерді кәдеге жарату болып табылады. Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмысты уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді.
Бұл ретте оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың оқ-дәрілерді жою бойынша мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоймалар мен базаларда жылдар бойы сақтауға мәжбүр болады. Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі. Оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жоятын болады. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.
 Одан бөлек қысқа дайындық мәселесі қаралды. Лауазымды адамдардың баяндамасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық әскери объектілерінің қысқа дайындығы 96,5%-ті құрайды. Ауа райы жағдайына сәйкес жылыту елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі әскери қалашықтарда іске қосылды. Қазандықтар қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген. Одан басқа, Қорғаныс министрлігі алғаш рет жылыту маусымында қызмет көрсететін персоналды материалдық ынталандыруды көздеді. Қорғаныс министрі 4 қазаннан бастап әскерлерде басталған қорытынды тексеруді сапалы ұйымдастыруға бас қолбасшылар мен қолбасшылардың назарын аударды. Барлық әскери қызметшілер 3 апта бойы оқыту пәндері бойынша сынақ тапсырып, өздерінің кәсіби біліктілігін растауға тиіс.
Министр бұл оқу жылындағы жауынгерлік даярлықты бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болатынын атап өтті. Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздігінің жай-күйі де тексеріледі. Одан басқа, қорғаныс ведомствосының басшысы оларға сеніп тапсырылған құрамалардағы, бөлімдердегі, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысын бағалауға нұсқау берді. – Бағынысындағылар арасында құқық тәртібін сақтауда жүйелі кемшілік болған жағдайда, әрбір лауазымды адамға тәртіптік сипаттағы шаралар, тіпті лауазымын төмендетуге және Қарулы Күштер қатарынан шығаруға дейінгі шаралар қабылдануға тиіс - деді Қорғаныс министрі.

 Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов алдағы аптада жергілікті әскери басқару органдарынан әскерлерге келе бастайтын жас буынды қабылдау жөніндегі алдағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қолбасшыларға жергілікті жерлердегі казармалық-тұрғын үй қоры мен оқу-материалдық базаның дайындығын, жаңа буынды жинау әкімшілігінің кешегі әскерге шақырылушыларды әскери қызметке бейімдеу жөніндегі жүктелген міндеттерге сәйкестігін жеке тексеру тапсырылды.


Рассмотрен доклад начальника Главной инспекции Министерства обороны о ходе проверки складов боеприпасов. По промежуточным результатам инспектирования, основным нерешенным вопросом в настоящее время является утилизация боеприпасов, признанных в результате инвентаризации как неиспользуемое военное имущество.

В соответствии с законодательством, работу по утилизации боеприпасов проводит уполномоченный орган – Министерство индустрии и инфраструктурного развития. При этом, возможности по уничтожению боеприпасов у подведомственных ему организаций ограничены. В связи с этим Министерство обороны вынуждено годами хранить неиспользуемое военное имущество на складах и базах.

В целях обеспечения безопасности хранения боеприпасов оборонным ведомством разработано Постановление Правительства, которое принято 30 сентября 2021 года за №964. В соответствии с ним Министерство индустрии и инфраструктурного развития совместно с Министерством обороны будет организовывать работу по вывозу неиспользуемых боеприпасов силами саперных подразделений со складов на военные полигоны, где они будут уничтожаться. Непосредственный порядок действий определит совместный приказ двух министерств.

Отдельно рассмотрен вопрос подготовки к зиме. По докладу должностных лиц, готовность военных объектов жилищно-коммунального хозяйства составляет 96,5%. В соответствии с погодными условиями, отопление запущено в военных городках в северном, центральном и восточном регионах страны. Котельные обеспечены необходимым запасом топлива. Кроме того, в отопительный сезон министерством обороны впервые предусмотрено материальное стимулирование обслуживающего персонала.

Министром обороны обращено внимание главнокомандующих и командующих на качественную организацию итоговой проверки, которая началась в войсках с 4 октября. В течение 3 недель все военнослужащие должны сдать зачеты по предметам обучения и подтвердить свою профессиональную компетентность. Это, как отметил министр, станет основной составляющей оценки боевой подготовки за учебный год. Также будут проверены состояние боевой готовности, противодиверсионной и противопожарной безопасности воинских частей.

Кроме того, руководителем оборонного ведомства даны указания оценить работу командиров всех степеней по состоянию воинской дисциплины во вверенных им соединениях, частях, подразделениях.

– В случае системных упущений в поддержании правопорядка среди подчиненных, по каждому должностному лицу должны приниматься меры дисциплинарного характера, вплоть до снижения в должности и увольнения из рядов Вооруженных Сил, – сказал министр обороны.

Генерал-лейтенант Мурат Бектанов подчеркнул важность предстоящих мероприятий по принятию молодого пополнения, которое начинает прибывать из местных органов военного управления в войска на предстоящей неделе. Командующим поручено лично проверить готовность казарменно-жилищного фонда и учебно-материальной базы на местах, соответствие администрации сборов молодого пополнения возложенным на нее задачам по адаптации вчерашних призывников к воинской службе.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента