Әскери теңізшілер диверсияның алдын алды / Военные моряки предотвратили диверсию

Ақтау гарнизонында гидротехникалық құрылыстарды, жағалау объектілерін және Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті.

В Актауском гарнизоне прошло учение по обороне гидротехнических сооружений, береговых объектов и кораблей Военно-морских сил.

Су арқылы жасалатын диверсияға қарсы қорғанысты ұйымдастыру кезінде штаб пен кеме экипаждарының келісілген іс-қимылдарға дайындығы тексерілді.
Сүңгуірлер кеменің корпусы мен түбін тексерді. Іс-шараларға теңіз жаяу әскерлері бригадасының барлау бөлімшелері қосылды.
Әскери қызметшілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында тәжірибелік міндеттер сәтті орындалды.



Во время организации противоподводно-диверсионной обороны была проверена готовность штаба и экипажей кораблей к согласованным действиям.
Водолазы осмотрели корпус и днище корабля. К мероприятиям подключились разведывательные подразделения бригады морской пехоты.
Благодаря слаженным действиям военнослужащих, практические задачи были успешно выполнены.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента