Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиабазасы Су-30СМ ұшағымен толықты
Көпфункционалды Су-30СМ 4++ буынды жойғышы қарсыласқа қарсы атыс іс-қимылы жағдайында алыстан ауқымды әскери міндеттерді орындайды. Аталған ұшақта Әскери-әуе күштерінің жарағы құрамындағы: Су-27 мен Миг-31 жауынгерлік машиналарының қуаты бар. Жаңа жойғыш ұшақтар армияны қайта жарақтандыру бағдарламасы аясында келді. «Cу-30СМ ұшақтары әуе шабуылы құралдарының соққыларынан әскерлер мен объектілерді қорғау, әуедегі және жердегі нысаналарды табу мен жою мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Олар өздерінің...