Ел әскері жоспарланған межеде жасақталды - полковник Сәкен Жүсіпов

Бәрімізге аян, елімізде жыл сайын екі мезгілде әскерге шақыру науқаны өткізіледі. Сол ауқымды іс жыл аяғында тәмамданғаны айғақ. Оның қорытындысы қандай? Жалпы елімізде қанша азамат Отан алдындағы борышын өтеп жатыр? Пандемия кезеңінде бұл шара қалай ұйымдастырылды?
Осы сынды сауалдарға жауап алу үшін ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіповпен сұхбаттасқан едік.

– Сәкен Сауытбайұлы, елімізде азаматтарды әскерге шақыру науқаны қалай жүрді? Өткен жылдармен салыстырғанда өзгерістер болды ма? Қазақстанның қанша азаматы әскери қызметке алынды?

2020 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру алдыңғы жылдардан ең алдымен коронавирустық инфекция пандемиясымен айрықшаланды.

Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты басталып қойған көктемгі әскерге шақыру ауыстырылды және өткен жылғы тек шілденің соңында аяқталды.

Сонымен бірге сол себепті медициналық комиссия құрамына дәрігер-инфекционистер енгізілді, әскерлерге жөнелпес бұрын әр әскерге шақырылушының міндетті ПТР-зерттелу мәселесі шешілді.

Әскерге шақыруды жүргізудің күрделі шарттарына қарамастан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және Ұлттық ұлан дегендер жас буынмен жоспарланған мөлшерде жасақталды.

Айта кету қажет, осындайға қол жеткізгендігіміз өткен жылы әскерге шақырылған жастардың және олардың ата-аналары тарапынан пандемияға байланысты қойылған шектеулерді түсінгендіктерінің арқасында мүмкін болды.

Өткен жыл ерекшеліктерінің қатарында әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқықтары бар санаттардың енгізілгендігін атап өткен жөн. Олар – жұмыс кезеңі бойы кәсібі қызметті жүзеге асыратын педагогтар (бұрын мерзімін кейінге қалдыру ауылды жерлерде орналасқан білім ұйымдарының мұғалімдеріне берілетін (өзгерістер 2019 жылғы 29.12. енгізілген) және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықты өтетін тұлғалар (осы санат көзделмеген (өзгерістер 2019 жылғы 29.12. енгізілген).

Жалпы COVID-19 пандемиясы шақыру науқанының барысына айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, 2020 жылы 34 мыңға жуық азамат әскери қызметке шақырылды. 

– Науқан барысында пандемияға байланысты басқа қандай сақтық шаралар ұйымдастырылды?

– Көктемгі әскерге шақырудан күзде 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар әскерге шақырылушыларға ПТР-зерттеуді екі рет (әскерге шақыру кезінде жиын пунктінде және жас буын келген бойда) әскери бөлімдерде жасауды ұйымдастырды.

Осы мезетте мен әскерге шақыруды ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органдардың қатысқандары туралы жағдайды түсіндіріп айтып кеткенді жөн санап отырмын.

Мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды тек жергілікті әскери басқару органдары немесе жай сөзбен айтқанда военкоматтар атқарды деген кеңес уақытында қалып қойған ойлардың қалыптасқан стереотипіне қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында мерзімді әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар немесе облыс, қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырады және жүргізеді деп нақты белгіленген.

Бұдан артық, нақты әр жас жігітті әскерге шақыру туралы шешімді төрағалары әкім орынбасарлары болып тағайындалатын әскерге шақыру комиссиялары қабылдайды.

Сұрақтың жауабына қайта оралсақ, әскерге шақыру және жиын пункттер бөлмелерге ағымды өңдеуді жүргізу үшін жеке қорғаныс құралдарымен, залалсыздандыратын препараттармен қамтамасыз етілген.

Әскерге шақыру және жиын пункттерінің аумағы және бөлмелері бір бірінен оқшауланған екі зонаға бөлінген: бірінші зона «лас» және екінші зона «таза».

Әскерге шақырылушылар медициналық куәландырудан ПТР-зерттеуге дейін өтеді және бірінші «лас» зонада орналастырылады.

ПТР-зерттеулердің нәтижелері бойынша теріс нәтижелері бар әскерге шақырылушылар басқа адамдармен, олардың ата-аналарын қосқанда байланысты болдырмайтын екінші «лас» зонаға ауыстырылады.

ПТР-зерттеуден өткен және оң нәтиже алған әскерге шақырылушылар денсаулық сақтау мамандары келгенге дейін жеке үй-жайға оқшауланады.

Жас буын әскери бөлімге келгеннен ПТР-зерттеу нәтижесін алғанға дейін екі апталық карантинге орналастырылады.

Сонымен, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша барлық әскерге шақыру мен жиын пункттерінде және Қарулы Күштер әскери бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді күшейту бойынша қабылданған шаралар кешені әскери ортада коронавирустың жаппай таралуына жол берген жоқ.

– Әр өңірде жергілікті әскерге шақыру комиссиялары қалай жұмыс істеді? Жалпы жоспар қаншалықты орындалды? Қай аймақтың қорғаныс істері жөніндегі департаменті жақсы жағынан көрінді?

– Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жас буынға қажеттілігіне, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада тұратын халық саны мен аумақаралық жасақтау қағидасын қолдануға байланысты мерзімді әскери қызметке шақыруға қажетті азаматтар саны айқындалады.

Айтып өткенімдей, 2020 жылы Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар толық көлемде жас буынмен жасақталды, бұл барлық өңірлердің әскерге шақыруға қойылған тапсырманы орындау нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Бүтін алғанда, өткен жылы әскерге шақырылғандардың ішінен жоғары білімі барлары шамамен – 4%, арнайы-орта білімі барлар 49% құрайды, қалғандары орта біліммен әскерге шақырылған.

Әрине, әскерге шақыру комиссиялары әскерге шақыру және әскерлер түрлеріне және тектеріне бөлу туралы шешімін қабылдау кезінде білімін, мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді. Осыған байланысты:

- жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;

- математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген әскерге шақырылушылар радиотехникалық, зениттік-зымырандық бөлімдерге, байланыс бөлімдеріне жіберіледі;

- ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымырандық бөлімдерге және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне жіберіледі;

- медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар кіші медициналық персонал ретінде әскерге шақырылады.

Мысалы, Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-ғылыми взводта әскери қызмет өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілері алғашқы запасқа шығарылды, яғни онда жоғары, негізінен әскери билеті жоқ және әскери кафедраларда оқымаған техникалық білімі бар жас азаматтар қабылданады. Осы бөлімшелерде әскери қызмет өткеру әскери қызметшілердің ғылыми зерттеулер мен жұмыстарда өз білімдерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Спорттағы жоғары жетістікке ие жас азаматтарымыз да ҚР ҚМ Спорттық комитеті – Орталық спорттық клубтың спорттық бөлімшелерінде әскери қызмет өткеру үшін жолдана алады.

Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің жұмысын жақсы деп бағалап кетейін.

Науқан барысында әскерге шақырылушылар тарапынан орын алған келеңсіз оқиғалар болды ма? Әлеуметтік желіде таралып кеткен бейнебаян қаншалықты рас?

– Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру әлеуметтік маңызды құбылыс болып табылады, өйткені әскери қызмет өткеру мерзімінің кезеңінде жеке құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты. Сондықтан әскерге шақыруға қатысты теріс ақпарат дереу жария болып, кең талқылаудың тақырыбына айналады, соғұрлым біз ештеңе жасырмаймыз.

Сіз айтып отырған Ақтау қаласында түсірілген «әскерден қашу туралы» деп ұсынылған бейнеролик көптеген телеарналарда көрсетілді. Ал шындығында, барлығы басқаша болған.

Роликтің басты кейіпкері әскерге шақырылушы К.Құбайдуллаев әскерге шақырылу және конституциялық борышын орындау мақсатымен өз еркімен Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келген.

Кейіннен әскерге шақырылушы түсіндіргендей, жиын пунктінің аумағынан тыс жерге жүгіріп шығудағы мақсаты, оны екі жүз метрдей жерде күтіп тұрған туысқандарына жеке заттарын тапсыру болатын. Әскерден жалтару мақсатын көздемеген.

Қазіргі уақытта К.Құбайдуллаев ҚР Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі болып табылады және Ақтөбе қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындауға даярлықтан өтуде.

Сондай-ақ осы сынды тағы бір теріс жарияланым болды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында болған әскерге шақырылушы
С.Кибконың жарақат алу жағдайы кеңінен жария етілді және әскерге шақырылушы жиын пунктінде болу уақытында омыртқалары мен екі аяғының табан сүйектері сынған деп көрсетілді. Негізі ол олай емес еді.

Шындығында, әскерге шақырылушы С.Кибко әскерге шақыру қағазын бірнеше рет елемей, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келмей жүрген. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен жеткізілген. Жиын пунктінде бола тұрып С.Кибко 3-қабаттағы дәліздің терезесі арқылы жалғана салынған ғимараттың шатырына шығып жерге секіріп түседі, нәтижесінде аталған жарақаттарды алады.

Қазіргі кезде Орал қаласы Абай ауданының полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 387-бабының 2-бөлімімен көзделген «Өз денсаулығына зияндық тигізу арқылы әскери қызметке шақырудан жалтару» күдігі бойынша И.Кибкоға қатысты қылмыстық іс тергеп-тексерілуде. Осы ретте жүргізілген сотқа дейінгі тексерулермен Батыс Қазақстан облысы жергілікті әскери басқару органдары лауазымды адамдарының іс-қимылында құқық бұзушылықтың құрамы табылмаған.

Жалпы, объективті сын халықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағыттай және бағдарлай отырып, біздің жұмысымызды жетілдіруге көмектеседі деп санаймын.

– Жақында Қорғаныс министрлігінде 2020 жылға әскери қызметке шақырудың қорытындылары жайында жиын өткені бізге мәлім. Онда не айтылды және сіздерге қандай міндеттер жүктелді?

– Туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін 2021 жылғы 20 қаңтарда Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М.Бектановтың жетекшілігімен кеңейтілген жиналыс жүргізілді. Онда 2020 жылы әскери қызметке шақыру нәтижелері қорытындыланды.

Оған әскерлер түрлерінің бас қолбасшылары, департаменттер бастықтары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысты. Бейнеконференциялық байланыс режимінде кеңеске облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасының басшылары және қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары қатысты.

Жиналыс барысында мен 2020 жылғы әскерге шақыруға жүргізілген талдау қорытындылары туралы баяндадым, туындаған мәселелердің себептері айқындалды, оны шешу жолдары ұсынылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М.К. Бектанов бірқатар міндеттер қойды. Олар әскерге шақыруды уақтылы және сапалы қамтамасыз етуге, жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын қорғаныс істері жөніндегі департаменттермен, басқа да әскерлер және әскери құралымдармен үйлестіруге бағытталды.

Сондай-ақ, ол әскери қызметтің мәртебесі мен мерейін арттыруға септігін тигізетін әскерге шақыруға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту қажеттілігіне назар аударды.

Кезекті көктемгі әскерге шақыру ҚР Президентінің әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлығы шыққаннан кейін басталады.

– Алға қойған міндеттеріңіз бен жоспарларыңыз сәтімен орындалсын. Сұхбатыңызға рахмет!



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента