Полковник Бақыт Әбдібаев: «Ұйымшылдығымыздың арқасында ұпайымыз түгел»

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты мекемелер арасындағы бәсекеде Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті барлық сыннан сүрінбей өтіп, бірінші орынды қанжығалағанын мақтанышпен айтамыз. Жеңімпаз ұжымның басшылығымен әңгімеміз де осы бағытта өрбіген. Олар өздерінің ұйымшылдығымен ұпайлары артқанын айтады.

– Бақыт Құдайбергенұлы, алдымен өзіңіз жетекшілік етіп отырған департаменттің тыныс-тіршілігінен хабардар етсеңіз...

– Қазақстандағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттері арасында Жауынгерлік жұмылдыру даярлығы және жалпы қызметтік іс-әрекеті үшін Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бірінші орынды иеленді. Ұжым осымен үшінші мәрте биіктен көрінуде. Сондаай-ақ ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығынң мақтау қағазына ие болды.

ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы Жарғылары мен ҚР ҚМ бұйрықтарына сәйкес, Жамбыл обылсының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, қала басқармасы мен он аудан бөлімдері әскери және еңбек тәртібін нығайту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілетіндігін көрсетті. 2015 жылы 12 әскери бөлім мен бір әскери мекеме қатысқан ҚР Қарулы Күштерінде ішкі қызметті ұйымдастыру байқауының қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Әскерлер  қызметі  бөлімі бастғы капитан Ембергенов Ертіс Министрдің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығының мақтау қағазымен және естелік сыйлығымен марапатталды.

 – Енді биылғы әскери міндеттілер жиыны туралы аз-кем әңгімелесеңіз.

– 2015 жылғы тексеру әскери жиынына барлығы 400 әскери міндетті қатысты. Ағымдағы жылдың 9-23 қыркүйегі аралығында өткен Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск полигонында өткен әскери міндеттілер жиынына 300 азамат қамтылды. Қызметте үлгілі тәртібімен ерекшеленген 52 әскери міндетті мақтау қағазымен, 9 әскери міндеттіге «ефрейтор», ал 16 әскери міндеттіге «кіші сержант», 8 әскери міндеттіге «сержант» және 2 әскери міндеттіге «аға сержант» атағы берілді. 29 қыркүйек пен 13 қазан аралығында 100 әскери міндетті қатысқан Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінде өткен жиында 16 қызметшіге «ефрейтор», 11 әскери міндеттіге «кіші сержант» және 2 әскери міндеттіге «сержант» атағы берілді.

– Бақыт Құдайбергенұлы, жеңімпаз ұжым жалпы қоғамдық мәдени шаралардан да құралақан емес шығар? Кеше ғана қоштасқан қой жылында қандай бұқаралық басқосулар өтті?

– Әлбетте, жалпы ұлттық «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстық тарихи-өлкетану музейінен 18 жәдігер іріктеп алды. Ол тарихи мұралардың барлығы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейіне тапсырылды. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлының қойын жазба кітапшасы мен жұмыс картасы да бар.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерді ардақтау бойынша өңірде үнемі жалпымәдени, спорттық сайыстар, үгіт-тәрбие шаралары өткізіледі. Олардың ішінде әскерге шақырушыларды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімін, «Мен Отанды қорғауға дайынмын!», «Жеңіс құрбандары», «Майдангерлерге мың тағзым!», «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!», «Ардагерлер мақтанышымыз!» сынды жиындарды, дөңгелек үстелдері және ҰОС жауынгерлерінің жастармен, бітімгерлермен кездесуін, фотокөрмелер мен кітап көрмелерін, сонымен қатар «Ардагерлерді ардақтайық», «Көмек – бәрімізге міндет!» патриоттық акцияларын атап айтуға болады. Осындай басқосулар алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек.

Өткен жылы 18 сәуірде Тараз қаласының «Тараз -Арена» спорт сарайында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жергілікті әскери басқару органдары арасындағы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен есте қалды.

«Тараз барыстары» әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері 2015 жылдың 8-14 маусым аралығында Қарағанды облысы Спасск қаласында өткен Бірінші республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жиынына қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Әділет Төленді автоматты жинақтау (I орын) бойынша және Бекжан Кездекбаев бір орында секіру (II орын) бойынша жүлделі орындарды иеленді.

Астана қаласында өткен XVII республикалық «Жас ұлан» армиялық ән фестиваліне Жамбыл обылсынан қатысқан «Алау» вокалдық тобы бірінші орын иегері атанды.

Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару огандарының атқарып жатқан жұмыстары өте көп, осының барлығы ұжымның ұйымшылдығының, береке-бірлігінің арқасы деп білемін.
Біздің анықтама

Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаев – 1962 жылы 28 қаңтарда Алматы облысы Шелек ауданы Құрам ауылында дүниеге келген.

Отбасылы, үйленген 3 қызы бар.

Әскери өмірін 1979 жылы Львов жоғарғы әскери-саси училище курсанттығынан бастаған

Жезқазған облысы Ақтоғай ауданының әскери комиссары, Балқаш қаласының әскери комиссары, Теміртау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, Алматы қаласы Бостандық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы қызметтерін атқарған., 2012 жылдың 7 шілдесінен Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы.

Бірнеше медальмен, төсбелгімен марапатталған.

2015 оқу жылы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента