Әуе қорғанысы күштері Әскери институты бастығының үндеуі

IMG_5075.JPG


Құрметті мектеп түлектері және ата-аналар!

Сіздер үшін қуанышты сәт келіп жеткені рас, дегенмен болашақты ойлап толқитын да кез. Аз уақыттан кейін соң мектеп жылдары артта қалады. Сонда сіздер үшін «оқуға қайда түсу керек?» деген маңызды сұрақ туындайтыны анық. Сіздің сапалы біліп алып, сұранысқа ие боларлық маман болуыңыз осы сәтте жасаған таңдауыңызға байланысты.

Біздің сайтта екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына түсу ережелері туралы толық мәлімет берілген.

Қабылдау комиссиясының жұмысын бастау қарсаңында Сіздердің және ата-аналарыңыздың назарын аударғым келеді.

Әскери институттың қолбасшылығы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы. Қабылдау комиссиясының барлық жұмысы адалдық, жариялылық, ашықтық және қолжетімділік негізінде ұйымдастырылған. Оқуға түсудің әр кезеңінің нәтижелері біздің ресми сайтта көрсетіледі.

Егер сіз біздің оқу орнына түсуге көмектесуге уәде берген адамдармен бетпе-бет келсеңіз, бұл алаяқтар екенін біліңіз! Сізден осындай жағдайлар туралы ӘҚК әскери институтының сенім телефондарына хабарлауды не белгіленген түрде мәлімдеуді сұраймын.

2021 жылы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына түсуді өткен жылғыдай онлайн-форматта өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдаудың бекітілген қағидаларына сәйкес оқуға түсу төрт кезеңде өтеді:

I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

II кезең – медициналық комиссия;

III кезең – дене дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Алғашқы үш кезең азаматтардың тіркелген орны бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен департаменттерде ұйымдастырылады. Өту нәтижелері ЖОО-ның қабылдау комиссиясына жіберіледі, онда ұсынылған деректер бойынша рейтинг жасалады. Оны біздің сайттан қарауға болады.

Рейтинг негізінде талапкерлер оқу орнына қабылдаудың соңғы кезеңінен өту үшін Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына шақырылатын болады.

Ұшқыш мамандықтарын таңдаған талапкерлер әскери институтқа келгеннен кейін дәрігерлік-ұшу комиссиясынан және кәсіби іріктеуден өтеді.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бегилдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы авиация генерал-майоры Даурен Жұматайұлы Қосанов


их ждет небо 01.jpg




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента