Заңгер болу–заман талабы

Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық иесі бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдайда болмасын сұранысқа ие. Сол мамандықтардың ішіндегі заңгер мамандығы бәрімізге ауадай қажет. Құзырлы, жан-жақты білімді заңгер – ең қуатты қаруы – Заңды білетін маман.

Елімізде бұл мереке 30 қараша заңгер күні деп мерекелейді. Бұл кәсіби мереке отандық әскери дәстүрлерді жаңғырту және дамыту, әскери қызметтің беделін арттыру және әскери мамандардың мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі сіңірген еңбегін тану мақсатында белгілен маман иесі. Осы орайда әділет подполковнигі Ақылов Сәбит Оразалыұлы туралы сөз қозғағымыз келіп отыр.

Сәбит Оразалыұлы 31 шілде 1982 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келді. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін жақсы аяқтап, 2004 жылы 30212 әскери бөлімі рота командирінің орынбасарынан ең алғашқы еңбек жолын бастаған еді. 2006 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында түрлі әскери бөлімдерде қызмет етті. Қазіргі уақытта Сәбит Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің заң басқармасының бастығы лауазымында қызмет етуде.

17 жылдан астам еңбек жолын Отан қорғау ісіне арнап келеді. Әскери қызметте өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын, жалпы әскери жарғының талаптарын және әскери бөлімдерде заңдылықты реттейттін басшылық құжаттарды күнделікті тәжірибеде дұрыс қолдануға ықпалын тигізуде. Әрбір әскериге заңды көмек көрсетуге сотта және басқа органдарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіріп, құқықтық сұрақтар туындағанда оң шешімін тауып, қызметте жоғарғы нәтижелер көрсетуде. 2021 оқу жылының қорытындылары бойынша жыл сайын өтетін «Әскер тарланы» конкурсының «Үздік заңгер» атағына ие болып отыр.

–Ұстаздарым заңгер мамандығымен қатар өзге де сыныптастарыма қоғамға қажетті халыққа адал қызмет жасайтын өзге де мамандықтардың иесі болуды ұсыныс жасап, сол мамандықтың шебері болу жолында бізге аямай білім беріп, болашақта біздің өмірде шатаспай өз орнымызды табуымызға бағыт-бағдар берді. Қазақстан Республикасының заңгерлерінің ең басты талабы республикалық мемлекеттік мекемелердің заңдылығын сақтау және мемлекеттік мекеме басшыларына, әскери қызметшілеріне және де олардың отбасы мүшелеріне қандай да бір заң саласындағы туындайтын сұрақтарға қолдау көрсетіп, оларды қолданыстағы заңнама шеңберінде қолдау көрсету болып табылады – дейді, өз сөзінде әділет подполковнигі Сәбит Оразалыұлы.
Шынымен де заңгер қазіргі уақытта қыр сыры мол мамандық. Себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу. Өзіңді және өзгені қоғамдық орындарда ренжітпеуге, өзгенің құқығын таптамауға жол бермеу керек.

Әрине, көп адамдардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы туындаған қиындықтарды шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді. Заңгерлік білім әркез беделді, әрі абыройлы мамандықтарының бірі болып табылады. Былай алып қарасаңыз заңгердің көмегі кез келген адамға қажет.

 ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің
баспасөз қызметі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"