Заң білу – заман талабы

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталатынын ұққанымыз жөн. Осыған орай қазіргі заман өз адамдарына іс-әрекеттеріне жауапты болуды, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білуді талап етеді. Және жаңа бастамаларға, жаңалықтарға дереу икемделуге итермелеуімен ерекшеленеді.

Бүгінгі күннің елеулі өзгерістерінің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру міндетін шешу. Мемлекеттік саяси-құқықтық қайта құрудың  маңызды құрамдас бөлігі – адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруге тікелей тәуелді. Өйткені, құқықтық мемлекетке азаматтардың жоғары саяси және құқықтық білімділігі, құқық бұзушылыққа қарсы тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы тән.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі. Ал қазіргі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі – аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет.
Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне көңіл бөліп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт бойғы тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктер жайлы түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызатыны сөзсіз. «Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы, адамгершілікті қалыптастыруда орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
...Өркениетті қоғамда құқықтық мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің қажетті бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби талап болып табылады. Тиісті құқық тәртібін орнықтырмайынша, біздің экономиканы реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық қалыпты өлшемдерді бекітуіміз неғайбыл», – дегені бар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың. Президенттің бұл пікірі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аудартады.
Заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Ал заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Құқықтық мәдениет қалыптасу үшін жастар жан-жақты құқықтық білімді болуы керек. Сондықтан, олардың саяси құқықтық мәдениетін көрсетуде девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған кейінгі буын үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен қатар ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
А.БАЙМУРЗИНА, «Тұран-Астана» университеті
Педагогика және психология мамандығының магистранты
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"