Заманауи балет кеші өтеді

Заманауи балет кеші өтеді


Желтоқсанның 1-2 күндері «Астана Балет» театрында заманауи балет кеші өтеді. Кештің бірінші бөлімінде қараша айында премьерасы өткен «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» («Love's Lost Idols») балеті қалың көрерменнің сұрауы бойынша екінші мәрте көрсетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған театрдың баспасөз қызметіне сілтемемен.

Көрермен қауым зор қошеметпен қабылдаған қойылымда америкалық хореограф Николо Фонте адам баласын атам заманнан мазалап келе жатқан: «Бәрі өткінші екенін біле тұра, қалайша ғашық болып, қалай өмір сүру мүмкін?» деген сұраққа жауап іздейді.

«Астана Балет» театрының шақырылған хореографы Рикардо Амаранте осы балетмейстермен Еуропада жұмыс істегенін, оның қойылымдарына деген көрермен қауымның ынта-ықыласына куә болғанын айтқан еді. Қазақстанда да, оның қойылымына деген қошемет ерекше болатыны сөзсіз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи