Универсиадада ел спортшылары екінші орынды еншіледі

Қаңтардың 26-шы жұлдызы күні Алматыда шымылдығы ашылған «Универсиада-2017» халықаралық спорт додасы өткен сәрсенбіде өз жұмысын аяқтады. Бұл жарыста Қазақстан спортшылары жанкүйерлерді жақсы нәтижелерімен баурай білді.

Нақты айтар болсақ, Қазақстан спортшыларының қоржынында 11 алтын, 8 күміс, 17 қола - барлығы 36 медаль бар.  Бұл Универсиада ойындарының тарихындағы Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі. Универсиадада Қазақстан құрамасына бірінші алтынды жарыстың үшінші күні, 31 қаңтарда ҚМ АОСК әскери қызметшісі, биатлоншы Алина Райкова алып берді. Қазақстан құрамасының қоржынындағы күміс жүлделерді ҚР ҚМ АОСК биатлоншы – спортшылары Дарья Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов аралас құрама команда сапында сайысып, Қазақстанға «күміс» жүлде әпергенін айта кеткен абзал. Сондай-ақ, 7,5 шақырымға төртінші командалық эстафетадан шаңғышы, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы Сергей Малышев та оған үлес қосты.

Аталмыш Универсиаданың жалпы қорытындысы жайында 8-беттен оқи аласыздар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"