«Ұлы дала азаматтары» патриоттық автошеруінің қатысушылары Семей қаласының тұрғындарымен кездесті

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халықтары Ассамблеясымен, «Нұр Отан» партиясымен және Қазақстанның интернационалис-жауынгерлерімен бірлесе құрылған «Ұлы дала азаматтары» автошеруі Семей жеріне табан тіреді. Патриоттық шара еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҰОС жылдары алғашқы әскери құрамалардың құрылғанына 75 жыл толуына орайластырылды.

Шараға қатысушылар Семейдің орталығындағы Жеңіс аллеясында болып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Екінші дүниежүзілік соғыста неміс-фашист басқыншыларынан елін қорғау жолында қаза болғандарды еске алды. «Біз соғыстың шындығын және Ұлы Жеңісті ұлықтауды мұрат еттік. Мәселен, 1941 жылы Мәскеуді қорғауға аттанған отандастарымыз ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Біз сол батырлардың жауынгерлік жолын жалғастырушы, насихаттаушы ұрпақпыз», деді өз сөзінде Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова. «Отан үшін оққа ұшқан батырларға тағзым ету - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттаудың үлгісі болып табылады. Елбасымыз атап өткендей, мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол аша берсін!» дегенді де айтты жиналғандар алдында сөз алғандар. 

   Айта кетейік, республикалық автошеру «Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында мемлекеттілік пен патриоттық сезімді, халық бірлігі мен жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізуді мақсат етеді. Әрі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығын насихаттауға шақырады. Шеру шілденің 4-і күні басталды. Оның құрамындағылар Ұлы Отан соғысы кезінде әскери құрамалар, дивизиялар, бригадалар, полктер, батальондар жасақталған қалаларда болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Бекітілген бағыт бойынша Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қазалы, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар қалаларын аралады. Енді Аягөз, Үшарал, Талдықорған, Сарыөзек, Қапшағай гарнизондарында жалғасуы тиіс.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"