Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгерлердің тізімі берілді

Еліміздегі Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.

Жарты жыл көлемінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізді. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлерінің 56 зираты табылып, орнатылды. Тұлғаларды анықтау және өлімнің мән-жайын анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жетпіс бес жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің туысы және атасы болып табылады. Жақындарыңыздың Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды», - деп атап өтті музей бастығы подполковник Нұртаза Әсілов.
Тізімді алғаннан кейін мұражай Қызыл Армияның туыстарын іздеу бойынша жұмыс жүргізеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии